Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Тверь облысы | |||||
| |||||
Елордасы |
Тверь | ||||
39-орында | |||||
Барлығы |
84,201 км² | ||||
Барлығы |
1,230,171 (2023) 14.38 адам/км² | ||||
Барлығы, ағым. баға |
441.7 млрд руб. (2018) | ||||
Сібір | |||||
Батыс Сібір | |||||
орысша | |||||
Губернаторы |
Игорь Руденя | ||||
69 | |||||
RU-TVE | |||||
MSK (UTC+4) | |||||
Ресми сайты: |
region.tver.ru |
Тверь облысы (орыс. Тверская область, Орысша айтылуы: , карел. Tverin alue) — Ресей Федерациясының субъектісі, облыс. Әкімшілік орталығы — Тверь қаласы. 1935–1990 жылдары Калинин облысы деген атауы болған.
Тверь облысы Орталық федералды округінің құрамына кіреді, 2023 жылғы санақ бойынша халық саны 1,230,171 адамға тең.
XVIII-ғасырда Тверь қаласы әкімшілік орталыққа айналды; алғашында Санкт-Петербург губернаторлығының (1708–1727), содан кейін Новгород губернаторлығының бір бөлігі болды. 1775 жылы Тверь наменгерлігі құрылды; 1796 жылы ол Тверь губернаторлығына айналды.
1929 жылы РКФСР үкіметі Тверь қаласын Мәскеу облысындағы Тверь ауданының әкімшілік орталығы қылды. 1931 жылы қала Калинин атауын алды.
1935 жылы 29 қаңтарда Батыс, Ленинград және Мәскеу облыстарының бөліктерінен Калинин облысы құрылды.
1990 жылы 17 шілдеде РКФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Борис Ельцин жарлығымен Калинин облысының атауы Тверь облысы болып өзгертілді. Бұл бұйрығы РКФСР Халық депутаттары кеңесінің келісімімен 1992 жылдың 16 мамырында күшіне енді.
1996 жылы 13 маусымда Тверь облысы Ленинград облысы мен Санкт-Петербургпен бірге федералдық үкіметпен билік бөлісу туралы келісімге қол қойып, автономияға ие болды. Бұл келісім 2002 жылдың 19 ақпанында күшін жоғалтты.
Тверь облысы Шығыс Еуропа жазығы ортаңғы бөлігінің батысында орналасқан. Облыс шығыста Ярославль облысымен, солтүстік-шығыста Вологда облысымен, солтүстік-батыста және солтүстігінде Новгород облысымен, оңтүстік-шығыста Мәскеумен, оңтүстік-батыста Смоленск облысымен, батыста Псков облысымен шектеседі.
Тверь облысы — Селигер және Бросно сияқты көлдер аймағы. Қалған аумақтың көп бөлігін Еділ, Батыс Двина және Днепр бастау алатын Валдай қыраты алып жатыр.
Тверь облысының ауданы 84,201 км²-ге тең, бұл 85 субъект арасында 38-орында. Облыс Ресей аумағының 0.49% құрайды және Орталық федералды округінің ең үлкен аумағы болып табылады.
Климаты ылғалды континенттік, континенттік Ресейден ылғалды солтүстік-батыс аймақтарға ауысады. Аудан климаттық жағдайларда өмір сүру және демалыс үшін жайлылық аймағында орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы батыста −8 °C пен солтүстік-шығыста −13 °C дейін, ал шілдеде +17 °C пен +19 °C аралығында болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 560-тан 720 мм-ге дейін болады.
2013 жылы Тверь облысының құрамында 36 аудан, 23 қала, 28 кент болған.
Тверь облысы халқының саны:
2020 жылғы санақ бойынша Тверь облысының ұлттары:
№ | Ұлт | Халық саны | % |
---|---|---|---|
1 | Орыстар | 1,022,391 | 94.2 |
2 | Тәжіктер | 7,237 | 0.7 |
3 | Армяндар | 6,270 | 0.6 |
4 | Украиндар | 6,023 | 0.6 |
5 | Әзербайжандар | 3,697 | 0.3 |
6 | Татарлар | 3,062 | 0.3 |
7 | Карелдер | 2,764 | 0.3 |
8 | Қалғандары | 178,727 | 3 |
Жалпы халқы | 1,230,171 | 100 |
2012 жылғы сауалнама бойынша Тверь облысы халқының 30% өзін Орыс православ шіркеуіне жатқызады, 9% конфессиядан тыс христиандар және 1% мұсылмандар. Оған қоса 34% рухқа сенеді, бірақ дінсіз деп жауап берсе, 20% атеист және қалған 5% өзге дінге сенеді, не жауап бере алмады.
Заң шығарушы билікті Тверь облысының заң шығарушы жиналысы, ал атқарушы билікті губернатор басқаратын Тверь облысының үкіметі жүзеге асырады.
Тверь облысының 2016 жылдың 23 қыркүйегінен бергі губернаторы — «Біртұтас Ресей» Тверь аймақтық бөлімінің хатшысы Игорь Михайлович Руденя.