Уильям Дампир | |
William Dampier | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Қызметі |
теңізшісі, қарақшылық |
Уильям Дампир (Вильям Дэмпир, ағылш. William Dampier; 1651 — 1715) — ағылшын теңізшісі, қарақшылықпен айналысқан.
1652 жылы Англияда туған. Ол үш рет жер шарын кемемен айналып шықты. Ол жасынан сауда кемесінде болып, Ньюфаундленд аралына, Ост-Индияға барып жүреді. Кейіннен әскери портта қызмет істеген. Ямайка аралында ол қарақшылармен достасып, Испания кемелерін тонауға қатысты. Гэррис, Саукинс және Шейстер басқарған қарақшылардың қатарында Дампир да бар еді. Бұлар 1680 жылы Санта-Мария қаласын тонайды, Панама кемелеріне шабуыл жасайды. Енді Дампир, Англияның Тынық мұхитқа шығуына әзірленіп жатқан кемесінде жұмыс істейді. Бұл экспедиция Англия жағалауынан шығып, Батыс Африка, Оңтүстік Америка Суларында жүзеді. Ол Үнді мұхитынан бірнеше аралдар ашып, олардың географиялық жағдайын, халқын зерттейді. Жер Шарын Айналып шығып, 1691 жылы «Жер шарын айналып шыққан жаңа саяхат» деген кітап жазды.