1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.
1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген.
1-Чкалов әскери-авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етті.
1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды.
1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды.
1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей араласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды.
1968 ж. Әскери-әуе инженерлік академиясын бітірді.
1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты.
Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында).
Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.
Марапаттары
1966 жылдан Астронавтика халықаралық академиясының құрметті мүшесі.
Ленин орденімен, медальдермен және көптеген шет ел ордендерімен марапатталған.