Eurovision ән Байқауы (ағылш.Eurovision Song Contest; фр.Concours Eurovision de la chanson) — Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) мүше мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы.
Байқауда қатысуға ниет білдірген Еуропалық хабар тарату одағының әр бірмүше елден бір ғана өкілден қатыса алады. Фестиваль тікелей эфирде өткізіледі. Әрбір елден, өлеңі үш минуттан аспайтын бір ғана өкіл (жеке орындаушы немесе ұжым) қатыса алады. Ән орындалуы кезінде сахнада бір уақытта алты әртістен артық болмауы керек. Барлық өлеңдер орындалғаннан кейін, аса танымал ән финалда және жартылай финалда қатысқан елдердің телекөрермендер және жюри дауыс беру арқылы таңдалады.
Байқау жыл сайын 1956 жылдан бастап өткізіледі және әлемдегі ең танымал спорттық емес шара болып табылады.. Көрермендер саны 600 миллион адамға дейін жетеді. Сонымен қатар, Еуропа аумағына кірмейтін және Eurovision-ге қатыспайтынына қарамастан байқау Қазақстанда және Қырғызстанда, Аустралияда, Канадада, Мысырда, Үндістанда, Ливанда, Оңтүстік Африкада, Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та және басқа елдерде көрсетіледі. 2000 жылдан бастап байқау ғаламторда көрсетіледі; атап айтқанда, 2006 жылы онлайн-трансляцияны 74 мың адам тамашалады.
Eurovision байқауы кейбір әртістердің атақтылығына қомақты үлес қосты. Мысалы, аты аңызға айналған швециялық ABBA тобы және Селин Дион байқаудан кейін әлемге танымал болды.
Аталмыш байқауға Қазақстан 2011 жылдан бері қатысуға тырысып келеді. Бірақ, EBC талаптарына сай келмегендіктен қатыса алмай келеді.
Әнші Манижа Ресей атынан Eurovision 2021 байқауына қатысады.